
25 ақпан күні Достық ауылдық округіне қарасты Шақаман ауылдық клубында көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шара Достық ауылдық округінің әкімі Айдарбаев Данияр Айтбекұлының құттықтау сөзімен ашылды. Байқау барысында ауыл өнерпаздары ән айтып, би билеп, көріністер қойып, өз өнерлерін ортаға салды. 🎤🎶
Кеш жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара соңында барлық қатысушылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды. 🏆👏