
28 қаңтар күні сағат 11:00-де Достық ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында ветеринариялық дәрігерлердің қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыс барысында ауыл аумағында бос жүрген иттерді байлап ұстау мәселесі, төрт түлік малды тіркеу, сондай-ақ «Төрт түлік» мобильді қосымшасын пайдалану тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.