Достық ауылдық округі әкімінің тұрғындармен есептік кездесу өтті

Достық ауылдық округі әкімінің  тұрғындармен есептік кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 15 қазан күні Достық ауылдық округінің әкімі Айдарбаев Данияр Айтбекұлы тұрғындармен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында округ бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, алдағы уақытқа арналған жоспарлармен бөлісті.

Тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі, жолдарды жөндеу, сондай-ақ қоғамдық көлік қатынасы жөнінде бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар көтерілді.
Әкім бұл мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетіні жөнінде түсіндірме беріп, тұрғындардың пікірлерін назарға алатынын айтты.

Кездесудің басты мақсаты — халықпен ашық диалог орнату, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды.