
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек беріледі.
Қаржылық көмек мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына жылына бір рет беріледі:
1) жан басына шаққандағы орташа табыс есепке алынбай, табиғи зілзаланың немесе өрт болған жердегі табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасылар);
2) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға)
3) жетімдік, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жағдайда – жан басына шаққандағы орташа табыс есепке алынбай біржолғы 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан, пробация қызметінің есебінде болған азаматтарға- жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда бір рет.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне нысан бойынша жазбаша өтініш береді.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (жеке сәйкестендіру үшін);
2) адамның (отбасы мүшелерінің) кірістері туралы мәліметтер;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжат;
4) зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтіру фактісін растайтын құжат;
6) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтіру фактісін растайтын құжат;
7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу және пробация қызметінің есебінде тұру фактісін растайтын құжат;
8) Өтініш берушінің Халық банкіндегі/Қазпоштадағы шоты.