Мақаншы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 21-138/VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Мақаншы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 21-138/VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының  тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне  өзгерістер мен толықтыру  енгізу туралы

Мақаншы ауданының  мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мақаншы ауданы мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 22 мамырдағы № 21-138/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 467-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген 1-қосымшада:

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.»;

7-тармақтың 6), 7), 8) тармақшалары алынып тасталынсын.

11-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі:

         дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

         өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

         әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат.»;

21-тармақ келесі редакцияда толықтырылсын:

         «Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кесептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.»;

22-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

         «3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілгенде;»;

         27-тармақта:

«29» деген цифрлар «27» деген цифрлармен ауыстырылсын;

         28-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

         «Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.».  

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Абай облысының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламаларды

үйлестіру басқармасының басшысы

________________А.Нұрлыбек

2026 жылғы «___»___________