«Ұлттық қор – балаларға»: тұрғын үй мен білім алуға 41,84 млн АҚШ долларынан астам қаражат бағытталды
2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша өтініш берушілердің банктік шоттарына кейіннен есептеу үшін уәкілетті операторларға 41,84 млн АҚШ долларынан астам сомаға 252 842 өтініш орындалды.
Олардың ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 26,35 млн АҚШ долларына жуық сомаға 158 774 өтініш, ал білім алу ақысын төлеу мақсатында 15,49 млн АҚШ долларына 94 068 өтініш орындалды.
Нысаналы жинақтардың (НЖ) алушысы қаражатты толық немесе ішінара пайдалана алатынын еске саламыз. Бұл ретте пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары:
•тұрғын үй құрылыс жинақтарына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру – 25,79 млн АҚШ долларына 155 126 өтініш;
•тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй заемын алуға бастапқы жарна енгізу – шамамен 193,16 мың АҚШ долларына 1 247 өтініш;
•азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 134,32 мың АҚШ долларына 893 өтініш.
Білім алуға ақы төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар:
•Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының қызметтеріне оқу кезеңдері немесе оқу жылы бойынша бөліп төлеу не оқудың барлық мерзімі үшін біржолғы төлем жасау – 14,44 млн АҚШ долларына 86 258 өтініш;
•білім беру жинақтау салымын толықтыру – шамамен 704,23 мың АҚШ долларына 5 402 өтініш;
•шетелдік білім беру ұйымдарының қызметтеріне оқу кезеңдері немесе оқу жылы бойынша бөліп төлеу не оқудың барлық мерзімі үшін біржолғы төлем жасау – шамамен 280,81 мың АҚШ долларына 1 955 өтініш.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды төлеу туралы толық ақпаратпен уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісінде enpf.kz сайтынан танысуға болады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық балаларға бір балаға 130,71 АҚШ доллары мөлшерінде кезекті есептеу жүргізілгенін еске саламыз. 2024 жыл үшін – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жыл үшін – 100,52 АҚШ доллары есептелді.
18 жасқа дейінгі балаларға Ұлттық қордан қаражат жыл сайын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған шоттарында есепке алынатын нысаналы талаптар түрінде аударылады. Заңнамаға сәйкес, балаларға есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында қалып, инвестициялануын жалғастырады. Инвестициялық табыстың есебінен әр баланың нысаналы талаптарының сомасы жыл сайын қосымша ұлғайып отырады.
Нәтижесінде бағдарламаға қатысушы баланың жинақталған нысаналы талаптарының жиынтық сомасы:
•үшінші жыл қатысқан бала үшін – 370 АҚШ доллары 56 цент;
•екінші жыл қатысқан бала үшін – 263 АҚШ доллары 93 цент;
•бірінші жыл қатысқан бала үшін – 130 АҚШ доллары 71 цент болды.
Кәмелетке толған азаматтар өздерінің нысаналы жинақтары туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алып, кейін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін АҚШ долларымен банктік шот ашу және төлем алуға онлайн өтініш беру мақсатында уәкілетті операторға жүгінуі қажет.
Қазіргі уақытта уәкілетті операторлар:
•«Отбасы банк» АҚ (тұрғын үй және білім беру бойынша);
•«Халық Банкі» АҚ (білім беру бойынша);
•«Банк ЦентрКредит» АҚ (білім беру бойынша).
Кәмелетке толмаған қатысушылар мен кәмелетке толған нысаналы жинақ алушылар туралы статистикамен, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі мәліметтермен enpf.kz сайтынан танысуға болады.
Бағдарлама шарттарын зерделеу, нұсқаулықтар мен жиі қойылатын сұрақтарға жауап алу үшін kids.enpf.kz сайтына кіре аласыз. Сондай-ақ БЖЗҚ-ның YouTube арнасындағы бейнетүсіндірмелер мен нұсқаулықтарды пайдалануға болады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Қор «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есептеуді, оларды алушылардың банктік шоттарына төлеуді және Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен қайтарылған қаражатты есепке алуды жүзеге асырады.