Қазақстандықтар зейнетақы шоттарында 26,87 трлн теңгеден астам қаражат жинақтады
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 26,87 трлн теңгеден асты. Соңғы 12 ай ішінде бұл көрсеткіш 4,19 трлн теңгеге немесе 18,5%-ға өсті.
Зейнетақы жинақтары
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 25,23 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішіндегі өсім 3,35 трлн теңгені немесе 15,3%-ды құрады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен жинақталған қаражат көлемі 746,91 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 14,8%-ға артты.
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар да айтарлықтай өсім көрсетті. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша олардың көлемі 10,09 млрд теңгені құрап, бір жылда 24%-ға ұлғайды.
Сонымен қатар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына түсіп жатқан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша жинақтар көлемі де артып келеді. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша олардың сомасы 879,18 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге өсті.
Түсімдер
Зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс есебінен қалыптасады.
2026 жылдың алғашқы екі айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 571,83 млрд теңге көлемінде жарна түсті. Бұл өткен жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 15%-ға немесе 74,5 млрд теңгеге артық.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша:
•МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарына – 446,35 млрд теңге (өсім – 7,3%);
•МКЗЖ бойынша – 26,89 млрд теңге (өсім – 20%);
•ЕЗЖ бойынша – 347 млн теңге түсті.
ЖМЗЖ бойынша жарналар көлемі 98,25 млрд теңгені құрады.
Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 523,88 млрд теңгеден асты.
Төлемдер мен аударымдар
2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында БЖЗҚ-дан барлық жарна түрлері бойынша төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар көлемі 237,13 млрд теңгеге жетті.
Жасына байланысты төлемдер көлемі 42,32 млрд теңгені құрады. Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін орташа ай сайынғы төлем мөлшері – 38 735 теңге.
2026 жылдың басынан бері:
•тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері – 86,26 млрд теңге;
•мұрагерлік бойынша төлемдер – 26,86 млрд теңге;
•Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 6,67 млрд теңге;
•мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 665,93 млн теңге;
•жерлеуге арналған төлемдер – 1,63 млрд теңге болды.
Сақтандыру ұйымдарына 72,73 млрд теңге аударылды.
Жеке зейнетақы шоттарының саны
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 18,39 млн бірлікті құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,03 млн шотқа немесе 5,9%-ға көп.
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 12,75 млн бірлікті құрады, оның ішінде:
•МЗЖ бойынша – 11,31 млн;
•МКЗЖ бойынша – 771,33 мың;
•ЕЗЖ бойынша – 471,51 мың шот.
МЗЖ бойынша шоттардың жалпы санына Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алуға өтініш бермеген азаматтардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын рәсімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырылған әскери қызметшілердің және заңнамаға сәйкес жарналар түспеуі тиіс басқа да санаттағы азаматтардың шоттары кіреді.
ЖМЗЖ бойынша мәліметтер есепке алынатын шартты зейнетақы шоттарының саны 5,64 млн бірлікті құрады.
Зейнетақы активтері бойынша өзекті статистикалық ақпаратпен enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» бөлімінде танысуға болады.
БЖЗҚ туралы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Қор міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, есепке алуды және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ БЖЗҚ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы активтер мен талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтарды есептеуді және төлеуді жүзеге асырады.