Мақаншы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 04 қазандағы №29 «Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерту енгізу туралы

Мақаншы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 04 қазандағы №29 «Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігі жанындағы  терроризмге қарсы комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерту енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына,  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілері туралы» Заңның 65 бабының 3 тармағына сәйкес, Мақаншы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мақаншы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 04 ақпандағы №29 «Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясын құру туралы» қаулысына төмендегідей өзгертулер енгізілсін:

Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамынан Зурманов Даурен Кадырбекович, Тлеубаева Асем Дуйсенхановна, Кусаинов Асылан Әділғажыұлы шығарылып, комиссия мүшелері ретінде Үржар және Мақаншы аудандарының біріктірілген қорғаныс істері бөлімі бастығы Ибрагимов Даулет Султанмуратович, Мақаншы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Мухтарханов Ерболат Мухтарханович, Мақаншы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Капчиков Максат Зарыпханович  енгізілсін.

  1. Комиссияның өзгертілген құрамы Мақаншы аудандық мәслихатының кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырдым.

 

 

Аудан әкімі                                                                                     Д. Койгельдин