5 ақпан-Дүниежүзілік сайлау күні

5 ақпан-Дүниежүзілік сайлау күні

Мақаншы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 05 ақпанында ауданымыздың белсенді жастарының қатысуымен Дүниежүзілік сайлау күніне арналған ««Кәсібилік пен алқалық-сайлау процесіндегі ашықтық пен сапа» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс шараның мақсаты- аудан жастарының сайлау жүйесіне қызығушылығын арттыру. Кездесу барысында Мақаншы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М.Қожақов аудандағы сайлау науқандарының өтуі мен ұйымдастыру барысы туралы баяндап өтті. Мақаншы ауданы ішкі саясат бөлімі басшысы Е.Мұхтарханов сайлау науқандары, референдум кезінде жастардың белсенділігі, халық ішіндегі үгіт насихат жұмысы, қоғамдағы ой пікірлердің уақытылы назарда болуы туралы Мақаншы ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Разуев, белсенді аудан жастары сайлау науқаны туралы өз пікірлерін ортаға салды. Іс шара соңында айтылған ой пікірлер талқыланып, келешекте жұмыстар ары қарай жандандырылатын болады.