Жаңа жылды қорытындылап Новая Шульба, Бекет, Медеу ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар ашылды.
Бұл күндері Абай ауданының Медеу, Бородулиха ауданының Новая Шульба, Мақаншы ауданының Бекет ауылында ауылында ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Нысандардың құрылысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында жүргізілді.
Жаңа амбулаториялар ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады.
Новая Шульба ауылындағы дәрігерлік пунктің ашылу салтанатына құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риаханов, аудан әкімі Айдар Ибраев, БАҚ өкілдері қатысты.
Жобаның тапсырыс берушісі – Абай облысының құрылыс басқармасы.
Айта кетерлігі, барлық медициналық пункттер бір мезетте 25 адамға дейін қызмет көрсете алады. Барлығында емшара қабылдау мен физиотерапия кабинеттері және дәріхана бар.Жаңа медициналық пункттер заманауи стандарттарға сай келеді. Қажетті кабинеттер мен алғашқы медициналық көмек көрсету қарастырылған. Пункттер су, жылу желілері, электрмен жабдықталып, пандустар орнатылған.
Абай облысы құрылыс басқармасының баспасөз қызметі