
Жеке тұрғын үй - қоныс учаскесiне орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл желектi екпелерiмен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй.
Қоныс учаске - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке тұрғын үй орналастыру және шаруашылық жүргiзу үшiн азаматқа берiлген жер учаскесi .
Бұл мақалада біз басынан аяғына дейін жеке үй құрылысын жобалаудың толық процедурасын қарастырамыз.
Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру, рұқсат беру рәсімдерінен өту тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған.
Жеке үй құрылысын ресімдеу тәртібі:
Қағидалардың 22 тармағына сәйкес құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдермен жүзеге асырылады:
Жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салу, оның ішінде жеке тұрғын үйлер 2 қабаттан аспайтын және жеке үй-жай учаскелерінде орналасқан уақытша құрылыстарды (шаруашылық-тұрмыстық үй-жайларды) салу эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобасын әзірлеу, оны сараптау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету талап етілмейді.