«Қазақстан ұлттық урбан форумы-2025» халықаралық форумы өтуде
«Қазақстан ұлттық урбан форумы - 2025» жиыны қалалардың болашағын жобалайтындар үшін басты оқиға. Іс-шараны Қызылорда облысының әкімдігі UN-Habitat және басқа да бірқатар серіктестің қолдауымен ұйымдастырды.
Форум жұмысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, БҰҰ Хабитат ұйымы, БҰҰ Қазақстандағы өкілдері, еліміздің барлық өңір әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Абай облысының атынан форумда Құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риаханов пен Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ануар Бейсенов қатысуда.