Семейде Смарт СИТИ жаңа ауданында 25 мың адамға арналған стадион салынбақ

Семейде Смарт СИТИ жаңа ауданында 25 мың адамға арналған стадион салынбақ

 

Облыс орталыңында «Смарт СИТИ» жаңа ауданның құрылысы жоспарланып отыр. Осыған байланысты «Kaz Minerals» компаниясы дәл осы ауданда жаңа стадион салуға инвестор ретінде қаржы бөлуге дайын екенін білдірді. Жаңа стадион 25 мың көрерменге арналады.

Осы мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары, құрылыс басқармасы, жобалаушылар, мердігерлер, инвестор және «Елім-ай» футбол клубыныңөкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында екі нұсқадан тұратын эскиздік жобалар таныстырылып, талқыланды.

Сондай-ақ, стадион салынатын орынғабарып, жер телімін қарап шықты.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ