Баспана құрылысы мен қолжетімділігі талқыланды

Баспана құрылысы мен қолжетімділігі талқыланды

В

Тұрғын үй құрылысы көлемін арттыру және халықтың баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.

Абай облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергеновтің төрағалығымен, құрылыс ұйымдарының өкілдері мен облыстық құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Қайырбеков Исламбек Урумбаевичпен кеңес өткізілді.

Кеңестің негізгі тақырыбы – тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және халық үшін баспанаға қолжетімділікті арттыруға бағытталған бірқатар тетіктерді іске асыру мәселелері болды. Атап айтқанда, қаржыландырудың жаңа тәсілдері мен жеке құрылыс салушыларды ынталандыру шаралары ұсынылды.

Бұл тетіктерді өңірімізде қолдану құрылыс секторын жандандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндік береді.

Облыс әкімдігі бұл бастамаларды жергілікті деңгейде іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге, сондай-ақ ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық мүдделі тараптармен сындарлы ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.