Жыл соңына дейін Қарағайлы ықшам ауданында 13 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған

Жыл соңына дейін Қарағайлы ықшам ауданында 13 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған

5.06.2025

Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Қазіргі таңда аталған ықшам ауданда 9 қабатты 18 несиелік тұрғын үй салынып жатыр. Оның он үшінің құрылысы былтыр басталған. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ал қалған 5 үйдің құрылысы жақында аяқталады.

Облыс әкімі Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап, мердігерлерге құрылысты мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

«Семей қаласында 14 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Сондықтан тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруымыз керек. Осыдан бір ай бұрын арнайы келіп, екі тұрғын үйдің құрылысын тезірек аяқтауды тапсырған болатынмын. Қазіргі уақытта пайдалануға берілуге дайын тұр. Қарағайлыда салынып жатқан 18 үй мыңдаған отбасының баспаналы болуына мүмкіндік береді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», - деді аймақ басшысы.