Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы сайлауды тиімді дайындау және өткізу мақсатында "Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында каскадты әдіспен Курчатов қаласында семинар өткізді.
Семинарға аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Сайлау комиссияларының қызметін тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ дауыс беру күнінің алгоритмі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ семинарға қатысқан барлық тыңдаушылар сайлау заңы бойынша тестілеуден өтті.
Семинар барысында комиссия мүшелерінің назары "Барлық сайлаушыларды ағымдағы науқан туралы хабардар ету, дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету, дауыс берушілер үшін қажетті жағдайлар жасау, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің қызметі, мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігіне" назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.