Кеше қаламызда елімізде тұратын түрлі этнос өкілдері арасындағы татулық, келісім мен достықты бейнелейтін мереке – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар өтті.
Күннің басты оқиғасы қала кәсіпорындары мен мекемелері қатысқан «Бір әлем – әртүрлі мәдениеттер» көрме экспозициясы болды.
«Ынтымағы жарасқан Қазақстан!» ұранымен өткен шараның салтанатты бөлімі қала әкімі Б.Т. Әбдіралиев ,қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, баршаға бірлік, татулық пен жақсылық тіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Ерлан Батырбеков те құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдағы ұлтаралық келісім мен достықты сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Мерекелік бағдарлама қаланың шығармашылық ұжымдарының концерттік нөмірлерімен жалғасты. Сахнада Қазақстанның мәдени әртүрлілігін көрсететін музыкалық-би қойылымдары қойылды.