Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді

Әдеп жөніндегі уәкіл  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша  жұмыс кеңесін өткізді

Курчатов қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу бөлімінің маманы Жансая Жолшыбаевамен әдеп жөніндегі уәкіл Ержан Жумагулов жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында Курчатов қаласы әкімдігінің бөлімдері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі бүгінде электрондық форматқа ауыстырылғаны атап өтілді. Дегенмен, әлі де болса электрондық форматта көрсетілуі қажет бірқатар қызмет түрлері бар. Бұл өз кезегінде қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей қарым-қатынасты азайтып, көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу барысында жұмыстардың жан-жақты әрі сапалы ұйымдастырылуы, және де бұл бағыттағы барлық шаралар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы аясында жүзеге асырылып, ашық әрі есеп беретін мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.