Этика жөніндегі уәкіл кеңес өткізді

Этика жөніндегі уәкіл  кеңес өткізді

Курчатов қаласы әкімінің орынбасары, этика жөніндегі уәкіл Е.С. Жумагулов әкімдіктің дербес бөлім басшыларымен кеңес өткізіп, қызметтік әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамалық жаңашылдықтар мәселелеріне ерекше назар аударды.
          Кездесу барысында түрлі заңнамалық актілерде бекітілген қызметтік әдеп нормаларының қатаң сақталуының маңыздылығы атап өтті. Қоғамдық сенімді нығайтуға ықпал ететін ұжымдарда жоғары моральдық ахуалды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Антикоррупциялық заңнамаға ерекше назар аударылып, мемлекеттік қызметшілердің қызметінде ашықтық пен есептіліктің маңыздылығы атап өтілді. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңдағы өзгерістер қаралып, бұл процестің тиімділігі мен әділдігін арттыруға бағытталғандығы түсіндірілді.
           Кеңес қалалық әкімдік басшылығының мемлекеттік қызмет стандарттарын көтеруге, қызметкерлердің әдеп мінез-құлқын қамтамасыз етуге және қоғамдық сенімді нығайтуға ұмтылысын көрсетті.