Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

 Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар!

 «Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-сі 2024 жылғы 03 шілде сағат 10:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.

Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы  №297 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына» сәйкес қабылданады.

Сауда-саттыққа (аукционға) қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық (аукцион) басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін:

- жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін:

- бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

1) Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықтың (аукционның) басталуына бес минут қалғанға дейін ұйымдастырушының шотына сауда-саттықтың (аукционның) өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеу;

2) қатысушының Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына сәйкес келмеуі;

            3) қатысушының Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде болуы

тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

 Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақыты бойынша басталады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оған қол қояды.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:

Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455;

Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330;

БСК: HSBKKZKX.

ТТК: 171; БЕК: 16.

Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер сатып алушы осы баптың 9-тармағында көзделген шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепiлдiк жарна қайтарылмайды, ал сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты қайтадан саудаластыққа қойылуы мүмкiн.

 

Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады:

 

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – Мал сою пунктін салу және ұстау үшін. Жер учаскесінің мекен-жайы – АБАЙ ОБЛЫСЫ, Курчатов қаласы, Степная көшесі, 29 жер телімі;

Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,0300 га;

Сату объектісі (құқық түрі) - 5 жыл мерзімге жалдау құқығы;

Жер учаскесіне ауыртпалық - кепілмен қамтамасыз етуді қоспағанда, мәмілелерді жүзеге асыру құқығынсыз

Бастапқы баға (теңге) – 38 820;

Кепілдік жарна мөлшері (теңге) – 184 600.

           

 

Ұйымдастырушы: «Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кісіпкерлік бөлімі» ММ-сі, анықтама алу үшін телефон: 8 (72251) 2-77-26.