Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы оқыту семинарын өткізді

Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы оқыту семинарын өткізді

2024 жылғы 3 мамыр күні Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы Семей, Курчатов қалаларының, Абай, Бесқарағай, Бородулиха және Жаңасемей аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының қатысумен «Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, кандидаттарды ұсыну және тіркеу, байқаушылармен жұмыс істеу, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу және сайлау учаскелерін жарақтандыру, қаржылық құжаттарды жүргізу және сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ сайлау күні алгоритмі және сайлау алдындағы үгітті жүргізу егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Семинар барысында Абай облысы Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы баяндама жасап, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын өткізу тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы семинар қатысушыларына тестілеу жүргізді, практикалық кейстер талданды және семинар тақырыбы бойынша блиц-сауалнама жүргізді.

 

Абай облысы Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы