Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай нысандағы төлем

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай нысандағы төлем

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай нысандағы төлем

Атаулы әлеуметтік көмектің түрлері

Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.

Шартсыз ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Шартты ақшалай көмек – өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар жалғызілікті және жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысу.

Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі:

1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға:

  • зейнеткерлік жасқа толуына;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты.

2) Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі: 

  • үш жасқа дейінгі балаға;
  • мүгедектігі бар балаға;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға;
  • бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартсыз ақшалай көмек өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек жалғызілікті не жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетіледі.

Еңбекке қабілетті мүше үшін белгілі бір жеңілдіктер бар: оған жұмыс табуға, білім алуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі.

АӘК бойынша тағайындалған сомаға ай сайынғы негізде бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Оның мөлшері 2024 жылы – 5 538 теңгені (3 692 * 1,5 АЕК) құрайды.

 

Кімге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады?

ҚР-да атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын келесі санаттағы тұлғалар ала алады:

  • ҚР азаматтары;
  • қандастар;
  • босқындар;
  • шетелдіктер;
  • ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.

Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі.

Кедейлік шегі – ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде белгіленген бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы.

Өз кезегінде, ең төмен күнкөріс деңгейін өңірлер бөлінісінде тоқсан сайынғы негізде ҚР Ұлттық статистика бюросының органдары есептейді.

Кім әлеуметтік атаулы көмек ала алмайды?

«Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексіне сәйкес төмендегілердің әлеуметтік атаулы көмек алуға құқығы жоқ:

отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асуы;

  • учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы;
  • адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған, учаскелік комиссияның мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытындысы;
  • осы Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы;
  • алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайталап өтініш бергеннің алдындағы алты ай ішінде;
  • атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттарды олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну негіз болып табылады.

«Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ