Курчатов қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Курчатов Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директорының бос орын лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Курчатов қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Курчатов Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директорының бос орын лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Курчатов қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Курчатов Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директорының бос орын лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

«Абай облысы Курчатов қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы  бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 071100, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі 4, байланыс телефондары: 8 (722 51) 3 33 94, факс 3 33 97, электрондық поштаның мекенжайы gko_kurchatov@mail.ru.

- Курчатов қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Курчатов Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директорының /ШЖҚ «Курчатов Водоканал» МКК/ бос лауазымына конкурс жариялайды:

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 500 000 теңгеден 550 000 теңгеге дейін. 

Қызметтік міндеттері: кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін кәсіпорын Жарғысымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді, дара басшылық қағидаларына сәйкес әрекет етеді; мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық және мүлкінің сақталуына жеке жауап береді, мемлекеттік кәсіпорын атынан әрекет етеді, оның мүддесін барлық органдарда білдіреді, шарттар жасасады, сенімхаттар береді,   банктік есеп шоттар ашады, барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; өзінің құзіреттілігі аясында және еңбек заңнамасына сәйкес кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, марапаттау, көтермелеу шараларын қолданады.

Кәсіпорынның негізгі қызметі

  1. Су шаруашылық жүйесінің және мемлекет меншігіндегі құрылыстарды күтіп ұстау, пайдалану, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпорынның  Жарғысына сәйкес басқа да қызмет түрлері;
  2. Курчатов қаласы бойынша канализация жүйелеріне қызмет көрсету;
  3. Канализация жүйелерін, тазартқыш ғимараттарды, сорғы станциясын және бұру каналын пайдалану;
  4. Канализация жүйелерін, тазартқыш ғимараттарды, сорғы станциясын және бұру каналдарының құрылысын күтіп ұстау, монтаждау және жөндеу;           
  5. Тазартылған ағын суларды жеткізу;
  6. Техникалық жағдайларды әзірлеу және беру;
  7. Канализациялық жүйелер және құрылыстар бойынша техникалық комиссия жүргізу;
  8. Курчатов қаласы бойынша канализациялық шаруашылық жұмыстарының технологиясын жетілдіру, экономикалық тиімділікті арттыру бойынша шаралар әзірлеу;
  9. Елді мекенді (сумен жабдықтау, су бұру) тіршілікпен қамтамасыз ету.

 

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары. Мамандығы бойынша кәсіпорынның, экономика саласының беініне сәйкес басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

заңнаманы (атап айтқанда Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін (Жалпы және айрықша бөлімін); Қазақстан Республикасының Су Кодексін; Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін; Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексін; Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын; Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңын; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың актілерін, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің жұмыс тәртібін, Кәсіпорын қызметіне қатысты, басқа органдардың әдістемесін және басқа да материалдарын,  Кәсіпорынның өндірістік технологиясын және ұсынатын қызметтерін, заманауи шаруашылық әдістемесін және ұйымды басқару, стратегиялық жоспарлау, экономикалық индикаторлар жүйесін, шаруашылық және қаржылық келісімшарттар жасау және орындау  тәртібін, Кәсіпорынның экономикасын және қаржысын басқару, еңбек өндірісін ұйымдастыру, салалық келісімдерді жасау және әзірлеу тәртібін,  ұжымдық келісімшарттарды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережесін, өрт қауіпсіздік талаптарын білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тіліндегі түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді-көшірмелері;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) № 075/у формасы бойынша анықтама;

7)тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының арнайы есебінде және құқықтық статистика бойынша Комитеттің есебінде мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.

8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми және атақ дәрежесін беру,  ғылыми жарияланымдары, сондай ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар құжаттарының көшірмелерін және т.б.) қосымша ақпараттарды ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін  құжаттар қабылдау  осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарына және уәкілетті органның интернет-ресурсында алғаш жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды тігілетін мұқабаға салынған мына мекен-жайға тапсыру қажет: Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4 «Абай облысы Курчатов қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

          Барлық құжаттар болған кезде комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер, Абай облысы, Курчатов қаласы Тәуелсіздік көшесі 4 үй, 071100 «Абай облысы Курчатов қаласының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ он жұмыс күні ішінде әңгімелесуден өтеді.

Телефон: 8(72251)3-33-97, 8(72251) 3-33-94.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурс 2015 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрінің № 70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай ақ оның кандидатурасын келісу» Ережесі негізінде жүргізіледі.