Халқаралық тазалық күні шеңберінде қаламызда сенбілік өткізіліді.
16 қыркүйек 2023 жылы, Халқаралық тазалық күні шеңберінде біздің қаламызда сенбілік өткізіліді. Қала көшелерін қоқыстан тазартуға әкім аппараты, әкімдіктің дербес бөлімдері қызметкерлері, Халық банк, мәдениет үйі және «ОЭСК» АҚ қызметкерлері шықты. Тазалайтын аумақтар алдын ала белгіленіп берілді. Негізінен бұл бос тұрған ғимараттар аумағы және қатты ластанған жерлер аумағы болды. Жиыны 3 гектардан астам қала аумағы тазартылды, 12 м3 қоқыс шығарылды. Барлық сенбілікке қатысушылар жақсы еңбек етті. Біздің қаламыз таза және әдемі бола түсті. Бұл жұмыстың тек басы ғана екенін атап өткіміз келеді. Сенбіліктер қазан айының ортасына дейін жалғасатын болады. Осы уақыт ішінде сенбілікке қала тұрғындары да қосылып, біз қаламызды толығымен қоқыстан тазалап шығамыз деп үміттенеміз.