Құрметті денсаулық сақтау саласы қызметкерлері және ардагерлері!
Сіздерді жылы лебізімізбен, шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – медициналық қызөметкерлер күнімен құттықтаймыз!
Сіздердің мамандықтарыңыздың өкілдері өздерін қасиетті іске- адам денсаулығына қамқорлық жасауға арнағандықтан үнемі ерекше құрметке ие болып келеді. Сіздердің миссияларыңыз күрделі, әрі жауапты, ал еңбектеріңіз бар күштеріңізді, тәжірибелеріңіізді, білімдеріңізді сарқа жұмсауды, төзімділікті, жан шуағын шашуды, қайырымдылықты, ал кейбір жағдайларда өздеріңізді құрбан етуді қажет етеді. Дәрігер өмір бойы оқып, үйренеді, оның әрбір жұмыс күні – бұл біздің азаматтарымыздың денсаулығын сақтаумен, адамдарды толыққанды өмір сүруге қайта әкелумен байланысты күрделі міндет.
Ең жаңа медициналық құралдар да, ең соңғы технологиялар да дәрігердің қатысуынсыз пайда әкелмейтіні айқын, себебі медицинада өзге кез келген саладағы сияқты ең маңыздысы құзыреттілікке, білім мен дағдыға ие, үлкен жауапкершілікті сезінетін адамдар болып табылады.
Сіздерге өз істеріңізге берілгендіктеріңіз, адал, саналы қызметтеріңіз үшін алғыс айтамыз! Сіздерге ұйқысыз түндеріңіз бен құтқарылған өмірлер үшін, іскер қолдарыңыз бен қайырымды жүректеріңіз үшін тағзым етіп, бас иеміз! Біздің Курчатов қалалық емхансының медициналық қызметкерлері медициналық қызмет көрсетудің сапалылығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету және қала тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін бар күштерін жұмсайтынына сенімдіміз.
Сіздерге шын жүректен шынайы қошамет құшағында болуларыңызға тілектеспіз.
Құрметпен Курчатов қаласының әкімі Болат Тансыкбаевич Абдралиев