Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күні

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күні

Ағымдағы жылдың 4 маусымында «Жастар» саябағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге арналған салтанатты митинг болып өтті.
Ол авто және веложорықтармен басталды, оған қатысушылар мемлекеттік Тумен қала көшелерімен өтті. Оларды саябақта митингге қатысушылар ду қол шапалақтаумен қарсы алды.
Салтанатты музыкамен Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері енгізілді. ҚР мемлекеттік Туын көтеру рәсімі салтанатты түрде өткізілді, оның барысында барлық митингге қатысушылар ҚР мемлекеттік Гимнін орындады. Митингге қатысушылар алдында Курчатов қаласының әкімі Олег Васильевич Чугунков сөз сөйледі. Ол баршаға бейбітшілік пен мейірімділік, ал елімізге гүлдену мен игіліктер тіледі.
Қатысушыларды біздің спортшыларымыздың жаттықтырушысы Жұмажан Нұржан құттықтады, біздің спортшыларымыздың арқасында біздің Туымыз түрлі елдер мен қалаларда аспанда шарықтады және біздің Отанымызды дәріптеп, құрметтеп Гимн ойнады.
Құрметті курчатовтықтар, мерекелеріңізбен!