Жеке деректердің жоғары деңгейде қорғалуы  – БЖЗҚ  салымшыларының сенім діңгегі

Жеке деректердің жоғары деңгейде қорғалуы  –  БЖЗҚ  салымшыларының сенім діңгегі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Жеке деректердің жоғары деңгейде қорғалуы  –

БЖЗҚ  салымшыларының сенім діңгегі

 

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, деректер қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын ұстанады.

2022-2023 жылдардағы киберқауіпсіздікті күшейту шеңберінде ақпараттық ресурстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірқатар ақпараттық жүйелер енгізілді. Бұл инновациялар кибершабуылдарға тойтарыс бере алатын және веб-серверлерді, байланыс арналарын және ақпараттық ресурстарды DDoS шабуылдарынан қорғау жүйесінен, жұмыс станциялары мен құрылғылардағы зиянды әрекеттерді анықтау және зерттеу жүйесінен және қауіптерді анықтау және талдау үшін ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын басқару жүйесінен тұрады. Сондай-ақ, Қордың ақпараттық жүйелері мен сервистерін қорғаудың тиімділігін едәуір арттыратын екі факторлы түпнұсқаландыру жүйесі енгізілді.

БЖЗҚ нәтижелердің объективтілігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін, салымшыларға олардың құпия деректерінің толық қорғалуына кепілдік беретін және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік талаптарды қатаң сақтайтын халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің халықаралық аудитінен жүйелі түрде өтіп отырады.

Қор жаңа бағдарламалық өнімдер мен қызметтерді белсенді түрде енгізіп, бизнес-процестерін ақпараттандырып, деректерді қорғау құралдарын үнемі жетілдіріп отырады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді тәсілі заманауи технологияларды қолдану, Қор қызметкерлерінен Ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап ету, ақпараттық ағындарға тұрақты түрде мониторинг жасау және вирусқа қарсы қорғау құралдарын пайдалану, пошта және желіге қолжетімділікті сүзгіден өткізу, сондай-ақ, көп факторлы авторлануды  қамтиды.

БЖЗҚ қол жеткізілген жетістіктермен тоқтамайды. Ол ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өз мүмкіндіктерін белсенді дамытуға ниетті. Жоспарларға ақпараттық қауіпсіздікті басқару жөніндегі өзінің операциялық орталығын (SOC) құру кіреді. Бұл одан әрі нақты уақыт режимінде орталықтандырылған бақылауға, талдауға және оқиғаларға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Қор салымшылардың мүдделерін тиімді қорғау бағытында  "БЖЗҚ"АҚ ақпараттық жүйелері мен сервистерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін киберқауіпсіздік саласындағы соңғы үрдістер мен жаңалықтарды бақылауын жалғастыруда.