Ғалымжан Әбіловтың Курчатов қаласындағы есептік кездесуі

Ғалымжан Әбіловтың Курчатов қаласындағы есептік кездесуі

Ғалымжан Әбіловтың Курчатов қаласындағы есептік кездесуі

📌26 мамырда Курчатов қаласында "ӘМСҚ" КЕАҚ филиалының директоры Ғалымжан Әбіловтың есеп беру кездесуі және азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Ол аймақтың медициналық ұйымдарын, соның ішінде Курчатовты қаржыландыру туралы есеп берді, сонымен қатар медициналық сақтандыру жүйесінің барлық артықшылықтары талқыланды.

📝Атап айтқанда, халыққа 80 млрд теңге сомасында медициналық көмек көрсетуге 68 шарт жасалды. Осылайша, Курчатовты қаржыландыру 2023 жылға 900 млн теңгеден асты, оның ішінде ТМККК - 500 млн теңгеден астам және МӘМС - 400 млн теңгеге жуық.

❗Ғалымжан Әбілов медициналық қызметтерге ақы төлеу оларды көрсету фактісі бойынша ғана жүргізілетінін және құжатпен расталуы тиіс екенін атап өтті. Курчатов қалалық ауруханасының мониторингі нәтижесінде 8 млн теңгеге 145 ақау анықталды. "ЕФИС" порталының деректері бойынша 2023 ж. 1 тоқсанына қалалық аурухананы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бюджет қаражатының 35%-ға өсімі тіркелді.

💬"Қордың басым міндеттерінің бірі тұрғындарға жоғары сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге кепілдік беру болып табылады.
01.05.2023 ж. облыста сақтандырылмаған халық саны 90 158 адамды құрады, оның ішінде Курчатов қалалық ауруханасында - 1 265 адам. Қор өз міндеттерін орындауға кәсіби, жауапты көзқарасты ұстанатынын атап өту маңызды. Біздің міндетіміз - МӘМС жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету", - деп түсіндірді Ғалымжан Әбілов

❗️Айта кетейік, іс-шараға әкімнің орынбасары Нұрбек Қошқарбаев, облыс ДСБ басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова және Курчатов қалалық ауруханасының бас дәрігері Дәурия Садыбекова қатысты.

🔹️Гүлназ Таңатарова аудан тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру туралы есеп берді. Тағы бір өзекті мәселе-білікті мамандардың жетіспеушілігі. Сондай-ақ, скринингтер және олардың уақтылы өтуінің маңыздылығы, сондай-ақ сақтандырудың мәртебесі туралы мәселе қаралды.

🔹️Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Қошқарбаев Нұрбектің айтуынша, медициналық мамандарды тарту үшін жергілікті атқарушы орган тоқсан сайын медициналық жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің қатысуымен онлайн және офлайн бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады. Медициналық персоналдың біліктілікті арттыру курстарынан өтуге мүмкіндігі бар екенін бөлек атап өтемін.

💬"Қазіргі уақытта "Қоныс аудару" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2 дәрігер – терапевт, невропатолог және медбике тартылуда.
Осы бағдарлама шеңберінде көшуге материалдық көмек, тұрғын үйді жалға алуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге субсидия – ай сайын 12 ай ішінде көрсетіледі.
Сондай-ақ 4 млн тңг дейін тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй сертификаты ұсынылады. Осы шаралардың барлығы халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға және МӘМС жүйесінде тіркелген азаматтар санын арттыруға мүмкіндік береді.

💬Курчатов қалалық ауруханасының бас дәрігері Дәурия Сәдібекова атап өткендей: "Халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Курчатов қаласының сақтандырылмаған тұрғындарының саны 1265 адамды құрайды, ал тіркелген халықтың ішінен 10 356 адам сақтандырылған мәртебеге ие".