Жастарға шағын несие беру

Жастарға шағын несие беру

26.05.2023 жылы әкімдіктің мәжіліс залында Жастар ресурстық орталығы жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірлесіп, Курчатов қаласының 53 адамынан тұратын жастармен «Жастарға шағын несие беру» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында жұмыспен қамту орталығының мамандары жастар бизнесін ашу немесе кеңейту үшін жылдық 2,5% - ды жеңілдікпен берілетін несиелер туралы айтып берді. Аталған тақырыпты қозғау барысында, спикерлер жастардың шараға белсене қатысуына, өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алуларына ықпал етті.