ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу

ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру жұмыстары бойынша № 1 жалпы орта білім беру мектебінің қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында А. Смағұлова осы стратегиялық құжаттың барлық бағыттары Мемлекет жұмысының тиімділігін арттыруға, өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.

№ 1 жалпы білім беретін мектептің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жүргізіп жатқан саясатын белсенді қолдады.