«Мемлекеттік қызмет көрсету саласының үздік идеясы» конкурсы

«Мемлекеттік қызмет көрсету саласының үздік идеясы» конкурсы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Академия магистранттарының, докторанттарының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер – Академияның және оның өңірлік филиалдарының ағымдағы және алдыңғы күнтізбелік жылдағы қайта даярлау курстары мен біліктілікті арттыру семинарларының тыңдаушылары арасында «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы үздік идея» Республикалық жобалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізеді.
Байқаудың мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді іске асыру тетіктерін жетілдіру үшін үздік идеяларды іздестіру болып табылады.
Байқауға қатысуға шақырамыз!
Толық ақпаратпен келесі сілтеме бойынша танысуларыңызға болады: https://www.apa.kz/memlekettik-qyzmet-korsetu.../
Тел.: 8 (7222) 35-41-71