«ПАРЫЗ» КОНКУРСЫ

«ПАРЫЗ» КОНКУРСЫ

КӘЖ қағидаттарында құрылған бизнес-қоғамдастықта іскерлік практиканы қалыптастыруды ынталандыратын қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында республика бойынша жыл сайын «Парыз» конкурсы өткізіледі. Бұл бірқатар жалпыұлттық міндеттерді шешу, атап айтқанда, әлеуметтік-еңбек кепілдіктерінің қалыптасқан деңгейін сақтау және жаңа инновациялық экономика құру шеңберінде кәсіпкерлік, социум және мемлекет мүдделерін үндестіруге мүмкіндік береді.

Конкурс шеңберінде оның қатысушылары өз бағдарламаларын ұсынады, ал орталық мемлекеттік органдар, кәсіподақтар және жұмыс берушілер қауымдастықтары өкілдерінің қатарынан құрылатын комиссия әзірленген әдістемеге сәйкес олардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін бағалайды.

«Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ «Парыз 2023» Республикалық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі. Конкурс лауреатының лауазымы екі санатта беріледі: 1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі; 2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі  және келесі номинациялар бойынша:  1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» 2. «Үздік ұжымдық шарт» 3. «Экологияға қосқан үлесі үшін» 4. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттары ұсыну мерзімі – 2023 жылғы 20 маусымға дейін.

Қосымша ақпаратты «Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі» ММ-нен 3 24 77 телефоны бойынша алуға болады.