Ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң сипаттағы нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі

Ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының  оң сипаттағы нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі

Ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының

оң сипаттағы нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі

 

   Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2023 жылғы 1 қаңтарға 14,7 трлн теңге болды.

   Жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен инвестициялық портфельді басқарушылар қамтамасыз еткен инвестициялық кіріс шамамен 914,4 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,55% болды.

   2022 жылы көптеген халықаралық институционалдық инвесторлар, оның ішінде зейнетақы қорлары, активтерді басқарудың теріс нәтижелеріне қол жеткізіп, әлемдегі жағымсыз макроэкономикалық ахуал нәтижесінде елеулі шығындарға ұшыраған жағдайда, ҚР ҰБ номиналды мәнде зейнетақы активтерінің оң кірістілігін көрсетті.

   Бірнеше рет атап өтілгендей, зейнетақы активтері ұзақ мерзімді инвестициялық сипатқа ие және сәйкесінше инвестициялаудың негізгі мақсаттарының бірі – зейнетақы жинақтарының сақталуы және ұзақ мерзімді кезеңде нақты табыс алу. Сондықтан кірістілік пен инфляция көрсеткіштерін ұзақ уақыт мерзімінде қарастырған жөн.

   Ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң сипаттағы нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі қаланған 1998 жылдан бастап  2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен бірге бүкіл кезеңдегі инфляция 678,06% болған кезде 732,29% көрсетті.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-да шоғырландыру аяқталған 2014 жылдан бері қамтамасыз еткен табысы 6,9 трлн теңгені құрады.

   Қазақстан Республикасында инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарналарының міндетті түрлерінің сақталуына бірегей кепілдіктің қолданылатынын еске саламыз. Жекелеген кезеңдегі кірістіліктің төмендеуі салымшының төлем құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне әсер етсе де, айырмашылықты мемлекет өтейді.

   Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет немесе ұялы қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

   БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

   Ал БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube арнасынан көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты алып, жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау тақырыбына берген сұхбаттарын көруге болады.

 

   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).