
2026 жылғы 11 қыркүйекте Курчатов қаласында «МЕНІҢ ҚАЛАМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ» атты Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Қала тұрғындарын құттықтап, ізгі тілектерін Курчатов қаласының әкімі Абдралиев Б. Т., мәслихат төрағасы Хусайнова Г. М. және ҚР Ұлттық ядролық орталығы РМК Бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Витюк В. А. жеткізді.
Өзінің құттықтау сөзінде Болат Тансыкбаевич қала тұрғындарын Қала күнімен құттықтап, Курчатовтың өзгеріп, дамып, болашаққа нық қадам басып келе жатқанын атап өтті.
Қаланың игілігі жолында көптеген жылдар бойы адал еңбек етіп жүрген Курчатов қаласының тұрғындарына грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.
Олардың қатарында Курчатов қаласының атынан Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен Таэквондодан Азия чемпионатында лайықты өнер көрсеткен жас спортшы Матвей Свешников, сондай-ақ оның жаттықтырушысы, тәжірибелі тәлімгер, Азия чемпионатының алтын жүлдегері Кожахметов Нурлыжан Елюбаевич бар. Бүгінде ол өзінің білімі мен тәжірибесін өскелең ұрпаққа беріп, болашақ спортшыларды тәрбиелеуге үлес қосып келеді.
Мерекелік шараның салтанатты бөлімі концерттік бағдарламамен жалғасты. Алаңда шығармашылық алаңдар ұйымдастырылып, көрмелер, байқаулар мен спорт жарыстары өтті.