Connection Point Абай облысында танымалдылығын арттыруда

Connection Point Абай облысында танымалдылығын арттыруда

      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысының тұрғындары үшін электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу форматтарын дамытуды жалғастыруда. 2026 жылдың жеті айында Connection Point өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында азаматтар 320 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алды, ал мамандар 856 мыңнан астам кеңес берді.

Абай облысында ХҚКО бөлімдерінде 14 Connection Point өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Оның екеуі Семей қаласында орналасқан, қалғандары өңірдің аудан орталықтарында жұмыс істейді. Бұл қызметтерді әртүрлі жастағы азаматтар, соның ішінде ересектер мен студенттер белсенді пайдалануда.

Ең көп сұранысқа ие қызметтердің қатарында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу, №2 нысан бойынша анықтама, соттылығының бар-жоғы туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу қызметтері бар.

Connection Point өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта өз бетінше алуға мүмкіндік береді. Келушілер компьютерлер мен қажетті жабдықтарды пайдалана алады, ал сұрақтар туындаған жағдайда мамандардан көмек ала алады.