
Бүгін қала әкімі Абдралиев Б. Т. төрағалығымен Курчатов қаласы әкімдігінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында қаланы алдағы жылыту маусымына дайындау, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындығына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Сонымен қатар қаладағы жастар саясатын іске асыру және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Барлық қаралған мәселелер бойынша жауапты басшылардың баяндамалары тыңдалып, қазіргі жағдай талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Болат Тансықбайұлы әлеуметтік сала нысандарын, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар мен тұрғын үй қорын жылыту маусымына сапалы әрі уақтылы дайындауға, балалар үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың білім алуы мен жан-жақты дамуына қажетті жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.
Белгіленген барлық бағыттар бойынша жұмыстар тұрақты негізде жалғасатын болады.