
2026 жылдың 17 тамызында Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Отырыстың басты мақсаты — Құрылтай депутаттарын сайлауы кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру. Учаскелердің пандустармен, тактильді жолдармен және арнайы кабиналармен жабдықталуын тексеру, көру және есту қабілеті нашар азаматтар үшін брайль шрифтімен жазылған трафареттер мен сурдоаударма қызметінің қолжетімділігін ұйымдастыру.