Учаскелік комиссия мүшелерін оқыту

Учаскелік комиссия мүшелерін оқыту

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлауы науқаны аясында және Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 10–13 тамыз аралығында Курчатов қаласы сайлау комиссияларының төрағалары учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін оқыту семинарын ұйымдастырды.

Іс-шаралар барысында қатысушылар сайлау заңнамасының негізгі аспектілерін, сайлаушылар тізімімен жұмыс істеу тәртібін, дауыстарды санау мен қорытынды шығару ережелерін, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерделеді.

Сайлау күніндегі комиссия мүшелерінің іс-қимыл алгоритміне, бақылаушылармен, сенімді тұлғалармен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау ережелеріне ерекше назар аударылды.