Курчатов қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған кезекті оқыту семинары өтті

Курчатов қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған кезекті оқыту семинары өтті

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны аясында және сайлау процесіне қатысушыларды оқыту жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 6 тамызда Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы № 156-161 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін оқыту семинарын ұйымдастырды.

Іс-шара интерактивті ойын форматында өтіп, 4 негізгі кезеңді қамтыды:

  • «Блиц-сұрақтар»

  • «Ситуациялық кейстер»

  • «Құжаттар инспекциясы»

  • «Капитандар шайқасы»

Оқыту барысында сайлау комиссияларының барлық мүшелері жоғары белсенділік танытып, сайлау заңнамасы мен өзекті мәселелер бойынша өз білімдерін пысықтады.

Шара соңында оқытудың белсенді қатысушылары грамоталармен марапатталды.