Курчатов қаласында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті

Курчатов қаласында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны аясында сайлау процесіне қатысушыларды оқыту жоспарына  сәйкес, 2026 жылдың 30 шілдесінде Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы № 150-155 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.

Шара интерактивті ойын форматында өтіп, 4 негізгі кезеңді қамтыды:

  • «Блиц-сұрақтар»
  • «Жағдаяттық кейстер»
  • «Құжаттар инспекциясы»
  • «Капитандар айқасы»

Оқыту барысында сайлау комиссияларының барлық мүшелері жоғары белсенділік танытып, сайлау заңнамасы мен өзекті мәселелер бойынша білімдерін пысықтады.  

Шара соңында оқытуға белсене қатысқан қатысушылар грамоталармен марапатталды.