
Курчатов қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің назарына!
2026 жылғы 9 қаңтардағы №254-VIII Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24-бабының 5-тармағына өзгерістер енгізілгенін назарларыңызға жеткіземіз.
МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІС:
2026 жылғы 12 шілдеден бастап Курчатов қаласы әкімдігінің ШЖҚ «ККСЭК» МКК кеңсесі арқылы қағаз түрінде өтініш беру мүмкіндігі толығымен тоқтатылды.
Жылумен жабдықтау желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтініштерді қабылдау, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерін ұсыну тек электрондық форматта жүзеге асырылады.
Техникалық шарттарды алу және келісу үшін келесі электрондық байланыс арналары арқылы жүгіне аласыз:
|
№ р/с |
Өтінімді беру тәсілі |
Платформа / жүгіну орны |
|
1 |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) |
|
2 |
Веб-портал арқылы |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы (egov.kz) |
|
3 |
Ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы |
Уәкілетті органның цифрлық жүйесі |
|
4 |
Қала құрылысы кадастры жүйесі арқылы |
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (МҚҚК АЦЖ) |
Курчатов қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінен техникалық шарттарды алу бойынша өтініштерді беру кезінде осы ақпаратты назарға алуды сұраймыз.