Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы

Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы

2026 жылғы 2 шілдеде Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар қаралды.
Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бауржан Толеугазинович комиссия мүшелерін Мемлекет басшысының Жарлығымен таныстырды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары таныстырылды.
Отырыс барысында күнтізбелік жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстардың кезеңдері нақтыланып, комиссия мүшелері арасында міндеттер мен жауапкершілік бағыттары бөлінді.
Отырыс қорытындысы бойынша сайлау науқанының барлық кезеңдерін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру, барлық жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде әрі сапалы орындау қажеттігі атап өтілді.