
Курчатов қаласының әкімдігі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін (қоса алғанда) құрылымдық бөлімшелердің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Егер Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдау жүргізілетін сала мен талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар болса, оларды m.baliev@akimatabai.gov.kz электрондық поштасына (заң бөлімінің басшысы) жолдауыңызды сұраймыз.
Ұсынылған ақпараттың құпиялылығы мен анонимдігіне кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мақсатында пайдаланылатын болады.