Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі кеңес

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі кеңес

     2026 жылғы 29 маусымда Курчатов қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Дюсенбаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдердің қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді.

Кеңес барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ оларды белгіленген мерзімдерде көрсету мәселелері қаралды. Сонымен қатар, осы бағыттағы жұмыстардың сапалы ұйымдастырылуына басшылар мен мамандардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға және халыққа мемлекеттік қызметтердің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Курчатов қаласының әкімдігі мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және азаматтардың көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.