«Біз – болашақ сайлаушымыз!»

«Біз – болашақ сайлаушымыз!»

      2026 жылдың 26 маусымында Аумақтық сайлау комиссиясы Жастар орталығымен бірлесіп Жас сайлаушылар клубының ұйымдастыруымен «Біз – болашақ сайлаушымыз!» атты ерекше танымдық кездесу өткізді. Шараның негізгі мақсаты – болашақ сайлаушыларға Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің негізгі принциптерін түсіндіру және олардың ел өміріне деген жауапкершілігін қалыптастыру болды.
Кездесуде жастар орталығының директоры Айжан Мухаметкалиевна жиналған жастарға сайлау процесінің мемлекет үшін маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар ол еліміздегі барлық сайлау процестері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңымен реттелетінін баса айтты.
Шараның танымдық бөлімінде аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Жансая Нұрланқызы сөз алып, ҚР сайлау құқығының іргелі негіздерін түсіндірді. Ол экрандағы көрнекі слайдтар арқылы жастарға сайлаудың 4 негізгі принципін егжей-тегжейлі таныстырды. Теориялық білімді бекіту мақсатында қатысушылар арасында қызықты «Блиц-викторина» ойынын жүргізді. Жастар қойылған сұрақтарға өте тез әрі дәл жауап беріп, жоғары дайындықтарын көрсетті.
Кездесу соңында жастар жасанды бюллетеньдерді толтырып, сайлау жәшігіне салу арқылы алғашқы тәжірибелерін жинақтады. Шара қатысушылары өздерінің болашақ азаматтық міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді. «Біз – болашақ сайлаушымыз!» атты бұл басқосу жастардың саяси мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам болды.