
«Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» үш номинация бойынша «Еңбек Жолы» конкурсы өткізілетінін хабарлайды.
Сіздерден ағымдағы жылдың 26 мамырына дейін «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үш номинация бойынша конкурсқа қатысушылардың кандидатурасын centr-zan@mail.ru электронды мекенжай бойынша ұсынуыңызды сұраймыз.
Конкурсқа қатысу үшін келесі материалдарды ұсыну қажет:
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке куәліктің көшірмесін;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);
6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.
Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері;
біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Қосымша: «Еңбек Жолы» конкурсын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар.