
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты шешімі жобасын іске асыру үшін қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобада мыналар көзделген:
- әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерлерін белгілеу және көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау.
Жоба мәтіні «Ашық НҚА» бөліміндегі «Электрондық үкімет» порталында орналастырылған. Барлық мүдделі азаматтар нормативтік құқықтық акт жобасын талқылауға қатыса алады.