Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар!

      Бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл індет тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, күнделікті өмірде де кездесіп жатады. Сондықтан оның алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

     Баланың алғашқы тәрбиесі – отбасынан басталады. Сіздердің әрбір іс-әрекеттеріңіз, адалдыққа деген көзқарастарыңыз балаңыздың болашақтағы ұстанымына тікелей әсер етеді. Егер бала әділдік пен шыншылдықты үйренсе, ол ешқашан заңсыз жолды таңдамауға тырысады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін:

🔹️балаларыңызға адалдық пен әділдіктің маңызын түсіндіріңіз;

🔹️заңды құрметтеуді үйретіңіз;

🔹️өз әрекеттеріңізбен үлгі болыңыз;

🔹️қоғамдағы теріс әрекеттерге бейжай қарамауға тәрбиелеңіз.

Біз бірге әділ, таза және парасатты қоғам құра аламыз. Әр отбасы – болашақтың негізі. Сондықтан адал ұрпақ тәрбиелеу – ең маңызды міндет.

Жемқорлықсыз болашақ – біздің қолымызда!

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті

 

 

#elgekyzmet🇰🇿

#АдалҰрпақ

#СаналыҰрпақ

#СыбайласЖемқорлыққаЖолЖоқ

#СкажемНетКоррупции

 

@elgeqyzmet.gov.kz

@darkhan.jazyqbay

@muximov_salauat

@elgeqyzmet.abai