«Халық қатысатын Бюджет»

«Халық қатысатын Бюджет»

     Дауыс беру қорытындысы бойынша «Халық қатысатын Бюджет» жобасы аясында Курчатов қаласы әкімдігінің сараптамалық кеңесі «Орталық субұрқақты орнату» жобасын іске асыру туралы шешім қабылдады.

     Курчатов қаласы әкімдігінің сараптамалық кеңесінің бекітілген ережелеріне сәйкес 2026 жылғы 20 қаңтар мен 1 наурыз аралығында «Халық қатысатын Бюджет» жобасы бойынша қала тұрғындарынан жобалық ұсыныстар қабылданды. Барлығы 3 жобалық ұсыныс түсті.

Бағалау және алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша дауыс беруге келесі жобалар жіберілді:

  • «Қобыз және домбыра» ұлттық үлгідегі Шағын архитектуралық үлгі орнату» - 0 дауыс;
  • «Орталық субұрқақты орнату» - 23 дауыс.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша жобаны іске асыру туралы сараптамалық кеңес мүшелері бірауыздан шешім қабылдады:

Абай көшесіндегі «Орталық субұрқақты орнату».

Жоба авторы-Рахимжанова Ж. Ж.

          «Халық қатысатын Бюджет» жобасына белсенді қатысқаны және қалалық ортаның дамуына қосқан үлесі үшін қала тұрғындарына алғыс айтамыз.