
«Курчатов Водоканал» МКК Курчатов қаласында сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің реттелетін түрлерін көрсету бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген.
2025 жылға арналған тарифтік жоспарлар «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ 23.12.2024 жылғы № 97–НҚ «Сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметаны бекіту туралы» бұйрығының негізінде қалыптастырылды.
«Курчатов Водоканал» МКК кәсіпорны табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызмет түрлерін: сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету жөніндегі мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген.
2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша кәсіпорын:
98,8 км – сумен жабдықтау желілеріне, 42,7 км – кәріз желілеріне, 1 су алу, 3 қайта айдайтын су көтерілімдерге, 4 кәріз сорғы станциялары және тазарту құрылыстары кешеніне қызмет көрсетеді.
реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдері
Әрбір күнтізбелік жылға арналған тарифтік жоспарлар уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметалар негізінде қалыптастырылған.
2025 жылы реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуден алынған табыс сомасы 432,6 млн. теңгені құрады, жоспар бойынша 470,73 млн. теңге, оның ішінде:
сумен жабдықтау қызметтерінен 293,6 млн. теңге, жоспар бойынша 314,2 млн. теңге
су бұру қызметтерінен 139,0 млн. теңге, жоспар бойынша 156,5 млн. теңге.
Нәтижесінде 2025 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуден алынбаған табыс сомасы – 38,13 млн. теңгені құрады, оның ішінде сумен жабдықтау бойынша 20,6 млн.теңге; су бұру бойынша 17,5 млн. теңге.
Шығынның негізгі себептері сумен жабдықтау қызметі бойынша – 18,6%-ға, су бұру қызметі бойынша – 20,36%-ға төмендеу болды.
2025 жылғы тарифтік сметадағы шығыстар бөлігінде нақты шығыстар сумен жабдықтау қызметі бойынша 314,19 млн. теңге жоспар кезінде 311,65 млн. теңгені құрады, бұл норма шегінде 1%-ға немесе 2,55 млн. теңгеге төмендеді, су бұру қызметі бойынша нақты шығыстар жоспарлы көрсеткіштерден аспайды, ал 7,7%-ға немесе 12,1 млн. теңгеге төмендеді:
Тарифтік сметалар бойынша шығындардың жоспарлы көзделген деңгейінен ауытқулар мынадай баптар бойынша қалыптасты:
Материалдар бабы бойынша шығыстар 38,84%-ға немесе 2,1 млн. теңгеге ұлғайды: материалдарды сатып алу бағасының қымбаттауына, сондай-ақ жоспардан тыс авариялық жағдайларды жоюға байланысты.
ЖЖМ бабы бойынша шығыстар 1,3 есеге немесе 3,96 млн. теңгеге ұлғайды:
Жанар-жағармай (ЖЖМ) бағасының өсуіне және оларды жою үшін арнайы техниканың шығу желілеріндегі апаттылықтың ұлғаюына байланысты;
Электр энергиясы бабы бойынша шығыстар энергияны аз қажет ететін жабдықты ауыстыруға байланысты 28,65%-ға немесе 18,5 млн. теңгеге төмендеді:
Өндірістік персоналдың жалақысы бабы бойынша шығыстар 10,5%-ға немесе 10,37 млн. теңгеге ұлғайды;
Әкімшілік персоналдың жалақысы 9,4%-ға немесе 1,6 млн. теңгеге;
Осы сала бойынша статистика деңгейінде орташа жалақының ұлғаюына байланысты көмекші персоналдың жалақысы 9,5%-ға немесе 1,5 млн. теңгеге ұлғайды;
Әлеуметтік салық бабы бойынша шығыстар баптың төмен бекітілген сомасына байланысты 50%-ға ұлғайды.
Күзет бабы бойынша шығыстар шығындар бабының төмен құнына байланысты 68,82%-ға немесе 5,0 млн.теңгеге ұлғайды. Бірнеше рет конкурс жарияланды бірнеше жеткізуші шықпады конкурс өтпеді, сумен жабдықтау объектілері стратегиялық объект болып табылатындығына байланысты объектілерді күзету қажет осыған байланысты бұрын АҚС шарты бойынша күзет агенттігінде жұмыс істеген қызметкерлер қабылданды;
Бөгде ұйымдардың қызметтері бабы бойынша шығыстар 4 есеге немесе 17,56 млн. теңгеге ұлғайды баптың ұлғаюы кәсіпорындағы арнайы техниканың өте тозғандығына, сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын және тарифтік сметаға салынбаған аса қажетті қызметтерді дайындауға байланысты көлік құралдарын жалға алу қызметтері құнының өсуіне байланысты.
Сүт бабы бойынша шығыстар тауар бағасы құнының өсуіне байланысты 3,8%-ға немесе 0, 015 млн. теңгеге ұлғайды.
МӘМС бабы бойынша шығыстар мөлшерлеменің % ұлғаюына байланысты 21,21%-ға немесе 0,586 млн. теңгеге ұлғайды.
ЖМЗЖ бабы бойынша шығыстар мөлшерлеменің % ұлғаюына байланысты 3 есеге немесе 2,65 млн. теңгеге ұлғайды.
Басқа шығындар бойынша шығыстар ұлғайту жоспарлы көрсеткіштердің 53,4% немесе 8,36 млн. теңгені құрады.
Шығындардың қалған баптары бойынша шығыстар рұқсат етілген асып кету пайызын құраған жоқ.
Шығынның негізгі себептері сумен жабдықтау қызметі бойынша - 18,6%-ға, су бұру қызметі бойынша-20,36%-ға төмендеу болды. Сондай-ақ шығындар баптарының шығыстарының ұлғаюы баптар мен қызметтер бойынша тарифтер 2021 жылы бес жылдық кезеңге қалыптастырылғандығымен негізделеді, тиісінше шығындар баптары қолданыстағы кезеңдегі бағалар мен қызметтер құнынан төмен бекітілді.
Инвестициялық бағдарлама 2025 жылы алынбаған кіріске, сондай-ақ жоғары кредиторлық берешекке байланысты орындалмады.
Халық тобы бойынша абоненттер саны – 4 130. 31.12.2025 жылғы жағдай бойынша жеке аспаптар – 4021 дана орнатылды, бұл 96% құрайды.
Басқа тұтынушылар тобы бойынша абоненттер саны – 191. Импульсті есептеу құралы 100% орнатылған.
Бюджеттік ұйымдар тобы бойынша абоненттер саны – 23. Импульсті есептеу құралы 100% орнатылған.
31.12.2025 жылға «Курчатов Водоканал» МКК кәсіпорны алдында абоненттердің мерзімі өткен дебиторлық берешегі халық – 3,55 млн. теңгені, өзге тұтынушылар – 0,74 млн. теңгені құрайды.
Коммуналдық қызметтерге төлемдер – бұл қарызды өндіріп алу шараларының нәтижесі. Кәсіпорында біз қызметтерді тұтынушыларға қатысты нақты, жоспарланған, реттелген іс-қимылдардың бірыңғай саясатын құрдық. Қарыздың алдын-алуға және оны ерте кезеңдерде жоюға баса назар аударылады, өйткені мерзімі өткен қарызды өндіріп алу әлдеқайда қиын.
Мерзімі өткен берешегі бар абоненттерге, егер абонент қарызды бірден төлей алмаса, берешекті өтеу туралы келісім жасауды ұсынамыз. Келісім борышкердің берешекті өтеу кестесіне сәйкес берешекті төлейтінін, сонымен бірге ағымдағы коммуналдық төлемдерді уақтылы төлейтінін көздейді.
Абоненттік бөлімнің бақылаушылары алдын ала жіберілген хабарламалар бойынша берешек адамдардың пәтерлеріне бару арқылы берешекті төлеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Негізгі міндеттер абоненттік бөлімге қойылады – төлемдерді 100% жинауды қамтамасыз ету, дебиторлық берешекті азайту, есепке алынбаған тұтынушыларды анықтау, судың нормативтен тыс ысыраптарын азайту және құрылыс аудандарында тұтынушыларды қызмет көрсетуге қабылдау болып табылады.
Көрсетілетін қызметтердің сапасы.
Ауыз судың, табиғи судың, сарқынды сулардың және өндірістік сулардың сапасын бақылауды тазалаудың барлық кезеңдерінде жұмыс жүргізуге аттестаттауы бар өндірістік зертхана жүзеге асырады, сондай-ақ зертхана (объектілер, пәтерлер) бойынша тарату желісіндегі су алу орындарындағы (I су көтерілім) судың сапасын бақылайды. 2025 жылы физика-химиялық көрсеткіштер бойынша ауыз суға 36400 зерттеу, сондай-ақ микробиология бойынша 1500 талдау жүргізілді.
«Курчатов Водоканал» МКК барлық тұтынушыларды өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар белгілеген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптарға сәйкес қызметтермен қамтамасыз етеді.
Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтер.
2025 жылы келесі бекітілген орташа тарифтер қолданылды:
сумен жабдықтау қызметтеріне: 01.01.2025 ж. бастап – 321,62 теңге,
су бұру қызметтеріне: 01.01.2025 ж.бастап – 340,24 теңге.
Кәсіпорын қызметінің перспективалары туралы.
ҚР Үкіметінің 2026-2027 жылдарға арналған 25 желтоқсандағы № 1102 қаулысымен бекітілген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде іске асыру үшін мынадай жобалар көзделеді:
«Курчатов Водоканал» МКК қаланы үздіксіз сумен жабдықтау, сондай-ақ ағынды суларды қабылдау және тазарту бойынша өзінің негізгі міндеттерін орындауды жалғастыруда.